Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі жамбылдық шаруалармен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі жамбылдық шаруалармен кездесті
Фото: Ауыл шаруашылығы министрі 19.03.2024 23:24 1012

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі шаруалардың түйіткілді мәселелерін талқылады

Айдарбек Сапаров жергілікті фермерлердітолғандырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстарынажеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығытехникасын сатып алу кезінде тікелейнесиелендіру, сондай-ақ пияз  өнімдерін сатумәселелері туралы сөз болды.

Кездесу барысында министр ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінарттыруды қоса алғанда, фермерлерге ағымдағыжылға арналған жоспарлары туралы айтты. Ведомство басшысы Жамбыл облысышаруаларының егіс науқанына жақсы дайындығынатап өтті.

Көктемгі дала жұмыстары үшінЭнергетика министрлігімен бірге шаруаларғалитріне 250 теңге бағамен 340,2 мың тонна көлемінде жеңілдікті дизель отынын бөлу бойыншажұмыс жүргізілді, - деп мәлімдеді АйдарбекСапаров.

Ол сондай-ақ «Кеңдала» бағдарламасыбойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл 140 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтарда басталды.

Өз кезегінде шаруалар министрден егісжұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымшақаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтау жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай ақ, облыс фермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатыпалу кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігінқарастыруды ұсынды.

Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады, – деп жауап берді министр.

Өңір фермерлері өткен жылы жиналған пияз мәселесі туралы сұрақтар қойды, өйткені артығымен жиналған өнім салдарынан оны сатуда қиындықтар туындап отыр. Министр қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды шешу үшін, оның ішінде тұрақты қорларға пияз сатып алу және тауарды сыртқы нарықтарға сату бойынша барлық қажеттішаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Облыс шаруаларымен кездесуден кейін Айдарбек Сапаров «ӘКК-Жалғызтөбе» ӘКК, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Аса-Даму» ЖШС, «Біржанов Марат» ЖК секілдібірқатар кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Министр мұндай кәсіпорындардың халықты сапалы отандықөнімдермен қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Сапар соңында министр "Алель Агро" АҚ-на барды. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 54 мың тонна құрама жем шығаруға арналған. Зауыт тек Жамбыл облысының шаруалары үшін ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріне де өнім сатады.

Өңірдегі іс-сапарын қорытындылаған министр Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасының маңыздылығын атап өтті. Айдарбек Сапаров аймақтар Ауыл шаруашылығы министрлігінен егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша нұсқауларалғанын еске салды. Сала үшін монокультурадан алшақтау, ауыспалы егісті сақтау және ылғалды көп қажет ететін дақылдар өндірісін қысқарту қазіргі уақыт талабы. Сонымен қатар басым маржиналдық дақылдар өндірісін ұлғайту қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға