Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 518 мың гектарға ұлғаяды
![Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 518 мың гектарға ұлғаяды Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 518 мың гектарға ұлғаяды](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/141961/1200xauto_GYkGQh9AEIllZiiqYmmMFDQ6j1xILZOS2a2nRHmH.jpg)
2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары аясында 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жалғасады. Бағдарлама майлы дақылдардың көлемін 365 мың гектарға ұлғайтуды қоса алғанда, жоғары тиімділікті дақылдарға баса назар аудара отырып, шамамен 1 млн гектарды қамтиды.
Бидайға тәуелділікті төмендету маңызды қадам болып қала береді: екі жыл ішінде оның алаңы 730 мың гектарға қысқарды. Зығыр мен рапс бағасы тоннасына 200 мың теңгеге жеткенде, нарықта сұранысы жоғары майлы және бұршақ дақылдарына баса мән берілді.
Бұл АӨК табыстылығын арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді АШМ басшысы.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)