Жаңалықтар

Ауыл шараушылығына арналған 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді
Ауыл шараушылығына арналған 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: pixabay.com 26.10.2022 10:22 2604

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарылуы 2022 жылдың соңына дейін  жоспарланған 5 млн  га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарын мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды El.kz.

 Сонымен қатар, бүгінгі күні жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті.

Айта кетейік, осы жылдың өзінде министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері учаске иелеріне қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін алу мен пайдаланудың заңдылығына қатысты 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы  құрылғанын еске саламыз. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды. Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан Президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды, бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын хабарлайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға