«Ауыл» партиясы Ермұхамет Ертісбаевтың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: El.kz
Фото: El.kz
11.10.2022 12:06
928
Ермұхамет Ертісбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев туралы айтқан сөзіне байланысты «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz
«Халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Ауыл» партиясының кандидаты Жигули Дайрабаев тарапына қарата айтқан қисынсыз пікірі қазақстандық қоғамды қатты қынжылтып, саясаткерді әділ айыптау тудырды. Бұл адамның айтқандары Президент сайлауы қарсаңындағы ашық және адал саясат ережелеріне сәйкес келмейді және қорлау сарынындағы сөз авторын құрметке бөлемейді. Бұл «Ауыл» партиясының мінсіз беделге ие үміткері арқылы өз атын шығаруға тырысқан популистік әрекеттен басқа ештеңе емес.
Бөгде жанның есімін келеке етуге әрекеттену тәрізді азаматтық кемсітушілікпен шектесетін жиіркенішті ерсі қылықтар – мәдениетсіздік пен әдепсіздік көрінісі. Біз басқа партия жетекшілерінің саяси ергежейлі сияқты әрекетіне мүсіркеушілікпен қараймыз. Мұндай тәсілдер қоғамның адами қағидаттар мен адамгершілік атты мемлекеттік негіздерге деген сеніміне нұқсан келтіріп, міндетті түрде кері әсер етеді. Біз жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлтымыздың игі дәстүрлерін құрметтейтін және дәріптейтін қазақстандық қоғамда мұндай құбылыстарға орын жоқ екеніне сенімдіміз.
«Ауыл» партиясының барлық мүшесіне және еліміздің қарапайым азаматтарына қолдау көрсеткені үшін Алғыс айтамыз. Біз адал және әділ сайлауды қолдаймыз!», - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға