Жаңалықтар

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 290 жоба іске асырылады

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 290 жоба іске асырылады
Фото: primeminister.kz 04.04.2023 09:23 1401

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асырылады деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров айтты.

«Елімізде 65 ауданда 1,7 млн. халқы тұратын барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, тұжырымдама шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген», - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жоспарланып жатқанын айтты.

«Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары іске асырылатын болады», - деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға