Жаңалықтар

Ауыл балалары шетелдік университет филиалдарында оқуға қызығушылық танытып отыр

Ауыл балалары шетелдік университет филиалдарында оқуға қызығушылық танытып отыр
Фото: Видеодан кадр 08.07.2024 17:20 468

Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан, Қызылорда облыстарының мектеп бітіруші талапкерлеріне еліміздің жоғары оқу орындары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талапкерлерге арналған көшпелі білім көрмесінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары ұсынылып, «Серпін» бағдарламасы, ауыл квотасы, басқа да бағдарламалар түсіндірілді. Көшпелі көрмеге шетелдік ЖОО филиалдары да қатысып, өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. 

Министрлік мәліметіне сәйкес, көптеген талапкер жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтар қойды. Сол жерде балалар ағылшын тілінде сұрақ қойып, шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдерін таң қалдырды. Олар шетелдік бағдарлама бойынша оқу, ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі ерекше қызықтырғанын айтты.

Жоғары білім көрмесінің мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге және оқуға түсу шарттарымен таныстыру, мамандықтар туралы толық ақпарат беру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға