Жаңалықтар

Аутизм спектрі бұзылыстары бар балалар саны артты - депутат

Аутизм спектрі бұзылыстары бар балалар саны артты - депутат
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 26.01.2025 15:15 32

Мәжілісте психикалық денсаулықты қорғаудың қазіргі тәсілді мүлдем дұрыс емес деп санайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) жағдайында аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына психиатр және невролог мамандарының көмегі өте қажет. Себебі мұндай мамандар ата-аналардың мәсені дұрыс түсінуіне ықпал етеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова айтты.

Статистикалық есептерге сәйкес, аутизм спектрі бұзылыстары бар балалар санының өсуі байқалады. Сондықтан ПМПК жағдайында психиатр мен неврологтың кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруге қатысуы бұзылыстарды ерте диагностикалаудың және тәуекел тобындағы балаларды анықтаудың маңызды шарттарының бірі саналады. ПМПК жағдайында психиатр мен неврологтың ата-аналарды консультациялауы баланың мәселелерін, оларды шешу жолдарын, мүмкіндіктерін және шарттарын ата-аналардың дұрыс түсінуіне ықпал етеді. Ал емханалар жағдайында уақыт шектеулеріне байланысты сапалы консультациялық көмек көрсету жиі қиындайды, – деді Смирнова премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, ПМПК-да бір баланы тексеру мен консультациялау бір сағатқа созылады. Психиатр мен неврологтың құзыретіне диагнозды нақтылау үшін қосымша тексерулерге бағыттау, мүгедектік рәсімдеуге және үйде оқытуға медициналық көрсеткіштерді анықтау кіреді.

Ол психикалық денсаулықты қорғаудағы қалыпты тәсіл мүлдем қолайсыз екенін айтты. Осыған байланысты Қазақстан Халық партиясының мүшесі 2024 жылы енгізілген балалар психиатрлары мен балалар неврологтарының штаттық жүктемесін азайтуға қатысты өзгерістердің негізділігін қайта қарауды ұсынды.

ПМПК-ның функцияларын кеңейту қажет деп санаймыз, оған әлеуметтік аспектіні де қосу керек. Бұл консультациялар педагогикалық, психологиялық және медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік болуға тиіс. Себебі психикалық денсаулыққа әсер ететін факторлар өмірдің әртүрлі салаларына қатысты. Психикалық денсаулықты нығайту және қорғау шаралары көпқырлы болуы керек. Осы саладағы анықталған міндеттерді талқылау және шешу үшін мамандардың жұмыс тобын құруды ұсынамыз, – деп түйіндеді Смирнова.

Айта кетейік, Қазақстанда былтыр 15 мыңнан астам балаға аутизм диагнозы қойылған. Бұл туралы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында хабарлады.

Аутизм спектрі бұзылған мектеп жасына дейінгі балалар саны 7 мыңға жуық. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі науқастардың жалпы саны 9 мыңға жуықтады. 

Сарапшылар статистиканың себебін ерте жастағы аутизммен ауыратын балаларға психологиялық көмек көрсетудің жеткіліксіздігі деп атайды. 

Бүгінгі таңда елімізде мұндай санаттағы азаматтар үшін 216 түзету кабинеті мен 13 оңалту орталығы жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға