Жаңалықтар

Аусылға байланысты экспорт шектеуі қашан алынады

Аусылға байланысты экспорт шектеуі қашан алынады
Фото: t.me/KZgovernment 13.06.2023 11:23 1348

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аусылға байланысты дүниежүзілік жануарлар денсаулық ұйымы енгізген мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына шектеу қашан алынатынын айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында аусыл ауруы тіркелді. Соның салдарынан дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы Қазақстанның Солтүстік Батыс өңірлеріне шектеу енгізді. Оған 9 өңір кіріп отыр. Саламатты мәртебе тоқтатылды. Біз жұмысты қаңтар айынан бастадық. Осы жылдың наурызында Оңтүстік-Шығыс өңірдің бес облысына вакцияналау жүргізе отырып, аусыл бойынша саламатты мәртебені қайта растадық, – деді ауыл шаруашылығы министрі. 

Сондай-ақ ол Солтүстік-Батыс облыс бойынша сәуір айында дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымының шетелдік мамандарының инспекциясы тексеріс жүргізгенін, нәтижесінде саламатты мәртебені Солтүстік-Батыс облыстарға беру әлі ерте деген пайымға келгенін айтты. 

Кемшіліктер бойынша қазір біз дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымынан ұсыныстарды күтіп отырмыз. Сол ұсыныс алынғаннан кейін жұмысты дер кезінде бастап қайтадан дайындық жұмыстарын жасайтын боламыз. Өз жоспарымыз бойынша ескертулердің бәрі жойылғаннан кейін 2024 жылы осы өңірлерге мәртебені алу үшін қайтадан құжаттаманы тапсырамыз. Оған қарамастан сол облыстардан Қытай, Ресейге мал экспортына мүмкіндік ашқалы отырмыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кету керек, пандемияға дейін 2019 жылы аусыл бойынша саламатты мәртебе болған кезеңде ет экспорты    9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға 3,6 мың тонна, Ресейге 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға