Жаңалықтар

Australian Open: қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Australian Open: қазақстандық теннисші ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 24.01.2024 09:11 791

Қазақстандық Амир Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.k ақпарат агенттігі.

Әлемде жасөспірімдер рейтингінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. 

Амир Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.

Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды. Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19-минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. 

Амир Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға