Жаңалықтар

Ауғанстанға аттанған қазақстандық құтқарушылар елге 14 қазанда оралады

Ауғанстанға аттанған қазақстандық құтқарушылар елге 14 қазанда оралады
Фото: ҚР ТЖМ 13.10.2023 21:07 879

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты тұрақты жұмыс орнына  оралуға дайындалуда.

Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

Сонымен қатар, құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерді. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарына тексеру жүргізді.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға