Ауғанстанда жер сілкінді

Фото: © Depositphotos
Фото: © Depositphotos
11.05.2023 10:15
867
Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21-де Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.
Бөлісу:
