Ауғанстанда су тасқынынан 300-ден астам адам көз жұмды

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 300-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының деректері дәлел бола алады. Әсіресе елдің солтүстік провинциясы Бағлан қатты зардап шеккен, себебі сол жердің өзінде 300-ден астам адам көз жұмып, мыңдаған үй қираған.
Ағымдағы ақпарат бойынша: Бағлан провинциясында 311 адам қайтыс болды, 2011 үй қирады және 2800 үй бүлінді, — деп мәлімдеді БҰҰ агенттігінің Ауғанстандағы қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Рана Дераз.
Бірақ ресми деректер мен БҰҰ мәлімдемесінде біраз айырмашылық бар: ІІМ баспасөз хатшысы Абдул Матиин Карни France-Presse агенттігіне Бағланда 131 адам қайтыс болғанын, бірақ құрбан болғандардың саны артып келе жатқанын айтты.
