Әуезов театры астаналық көрермендерін қуантпақшы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театр ұжымы Астана қаласына гастролдік сапармен келді. Олар 1-7 мамыр аралығында астаналықтар үшін өнер көрсететін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов гастролдік сапарға шыққандағы мақсатына тоқталды.
Кеше біз Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» спектаклімен гастролдік сапарымызды бастадық. Әрине мұның барлығы тек халықтың қамы үшін жасалады. Сондықтан көрермендерге сыйлық ретінде кезінде шыққан қойылымдары қоятын боламыз, - деді ол.
Сонымен қатар Асанәлі Әшімов әлемдегі театр ағысының қалай екенін білу өте маңызды екенін атап өтті. Қойылым тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша әлемге қажет дейді
Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Данияр Алиев кез келген сахнада өнер көрсететін әртістің алатын керемет әсері – халықтың ықыласы дейді.
1 мамыр күні елорда төрінде Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында болдық. «Қарагөз» қойылымын тамашаладық. Халықтың спектаклге деген ықыласы өте жоғары болды, - деді Данияр Абзалиденұлы.
2022 жылы театрлар арасында 297 іс-сапар өткен. Гастролдік сапар аясында қойылған спектаклдерді 2 миллионға жуық көрермен тамашалаған.