Жаңалықтар

Әуежайда шабуыл жасаған адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды

Әуежайда шабуыл жасаған адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр 07.03.2025 13:53 5288

Алматы әуежайында қолына пышақ алып, қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан қарағанда, қаскөйді қоңыр түсті жейде киген ер адам қарусыздандырған. Ол қолына пышақ ұстап тұрған адамды әңгімеге айналдырып, оңтайлы сәтте қолындағы қаруын тартып алған. Сонан соң оны тәртіп сақшылары ұстап алды.

Полицияның дерегінше, қоңыр түсті жейде киген ер адам жолаушыны әуежайға шығарып салуға келген екен.

Ал шабуыл жасаған адам – 67 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға