Әуежайда қол жүгімен бірге оқ алып жүрген ақтаулық азаматқа айыппұл салынды

28.05.2023 18:50
658
Ақтауда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот қол жүгімен атыс оғын алып жүрген азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс бойынша Ақтау тұрғыны Шымкент қаласының әуежай ғимаратында тексеруден өту кезінде ол 16 калибрлі 2 оқты заңсыз тасымалдаған.
Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындылары бойынша зерттеуге ұсынылған 2 оқ тегіс ұңғылы атыс қаруынан атуға жарамды.
Сот қаулысымен М ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 69000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Бөлісу:
