Әуе күштері арқылы 1660 адам эвакуацияланды

Фото: «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі
Фото: «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі
01.04.2024 21:00
752
Су байланысты әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.
Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
СҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті