Жаңалықтар

Әуе компанияларда ұлттық аспаптарға қарсылық жүріп жатыр. Ринат Зайытов Айшолпанға ара түсті

Әуе компанияларда ұлттық аспаптарға қарсылық жүріп жатыр. Ринат Зайытов Айшолпанға ара түсті
Фото: El.kz 05.06.2023 12:50 2040

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қазір әуекомпанияларында қазақтың ұлттық аспабына байланысты әдейі жоспарланған қарсылық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әуе компаниялардың ұлттық аспаптарға қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатыр. Азамат Өмірзақұлы (Индустрия вице министрі), домбыра деген – ішінде бірде-бір металы жоқ, ағаштан жасалған аспап. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра", деген Қадыр Мырза Әлінің сөзі бар. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыздар. Кімдікі болса да, шешіп беріңіздер: қазақтың саусаққа толмайтын 4-5 аспабы бар, - деді Ринат Зайытов.

Ол сол аспаптар ұшаққа кіругек рұқсат алсын. Егер рұқсат болмаса, Алматы, Астана әуежайында мың домбырашыны қойып «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық деп айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ринат Зайытовтың шәкірті, айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойғанын мәлім еткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға