Жаңалықтар

Аудандық газеттердің мәселесін Астанада талқылаймыз — Дархан Қыдырәлі

Дархан Қыдырәлі Жаңаарқа ауданында халықпен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдауда
Аудандық газеттердің мәселесін Астанада талқылаймыз —  Дархан Қыдырәлі
04.12.2022 10:30 1356

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Жаңаарқа» аудандық газетінің редакция ұжымымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Аудандық газеттердің жағдайы әртүрлі болып отыр. Кейбірі жекеге өтті, бірқатары медиа холдингтердің құрамында. Көп газеттің веб-сайты жоқ, заманауи технологияларды енгізе алмай отыр. Сондықтан осы секілді күрделі мәселелерді шешу үшін алдағы қаңтарда Астанада аудандық газет басшыларының жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді министр.

Дархан Қуандықұлының сөзінше, елордада болатын іс-шарада аудандық басылым жетекшілерін оқыту, республикалық басылымдарда кездесулер ұйымдастырып, әріптестер өзара тәжірибе алмасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында халықпен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға