Жаңалықтар

«Аудандық филиалдың төрағасы»: Жетісу облысында педофил қамауға алынды

«Аудандық филиалдың төрағасы»: Жетісу облысында педофил қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 19.08.2024 13:55 765

Жетісу облысында кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес күдікке ілінген азамат – Amanat партиясының Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы төрағасы.

Партияның облыстық филиалы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Биыл тамыз айының басынан бастап Жетісу облысы бойынша партия филиалдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің ешқайсысы қандай да бір қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал Жетісу облысы "Аманат" партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы биылғы жылдың 1 тамызында өтініш негізінде жұмыстан шықты, - деді партия облыстық филиалының баспасөз хатшысы қымбат Сейдахмет.

Ақсу ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмағанды жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға