«Ауа жоқ»: Астана әуежайы жолаушылардың шағымына жауап берді
Астана әуежайы жолаушылардың шағымына жауап берді. Бұған дейін көпшілік әуежайдың ішінде ауа жоқ екендігін айтып шағымданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, қазіргі уақытта терминалдардағы тиісті микроклиматты қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында әуежайда климаттық бақылау жабдықтары жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ғимараттарды салқындату жабдығының жоғары жүктемесіне байланысты салқындатқышты басқару жүйесі төмен қуаттылықта жұмыс істеуде. Сол себепті қазіргі уақытта әуежайдағы ауа температурасын реттеу бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Біз жолаушылардан орын алған жағдайға түсіністік пен төзімділік танытуын сұраймыз. Әуежай жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, - делінген мәліметте.