Ауа райына байланысты үш облыстағы 5 трасса жабылды
1 желтоқсан сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай хабарламаны "ҚазАвтоЖол" компаниясы таратты. Атап айтар болсақ:
Қарағанды облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы;
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы;
3. "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
аталған трассаларды 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.