Ауа райына байланысты екі облыста автожолдар жабылды

3 наурыз сағат 9:20 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.
Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
