Жаңалықтар

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Бес учаскеде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
17.02.2023 00:35 938

Республикалық маңыздағы тасжолдардың бес учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Қозғалысқа енгізілген шектеу Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан республикалық тасжолдарға қатысты. Жабық учаскелер алдында жүк және қоғамдық көліктердің кептелісі тіркелген жоқ, - делінген компания таратқан хабарламада.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу төменде көрсетілген жол бөліктерінде енгізілді:
«Самара-Шымкент» тасжолы, Батыс Қазақстан өңірі шекарасы-Құршасай ауылы аралығы;
«Самара-Шымкент» тасжолы, Экойл жанармай бекеті - Қарабұтақ ауылы аралығы;
«Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы»;
«Самара-Шымкент» тасжолы, Подстепное ауылы-Ақтөбе облысы шекарасы аралығы;
«Атырау-Орал» тасжолы, Атырау облысы шекарасы-Орал қаласы аралығы.

Республикалық автожолдар желісінде 300 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға