Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

12 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаяу бұрқасын болжанады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің шығысы мен таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.
