Ауа райына байланысты Атбасардан Астраханка ауылына дейінгі жол жабылды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
12.10.2024 00:17
719
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ мәліметінше, 12 қазанда сағат 00:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1003-1128 шақырым аралығында Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жол қозғалысына қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.
Бөлісу:
