Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды
![Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды Ауа райына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды](/storage/storage/element/2023/02/20/mainphoto/38382/1200xauto_BfbXAfPx5ABilRYeI3BOOgzUB9YNvPzO2vHjoc8k.jpg)
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
20.02.2023 18:50
1075
Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.
Бүгін сағат 18.30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Қарағандыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды