Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 7 облыста жол жабылды

Ауа райына байланысты 7 облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 11.12.2023 12:17 861

Қатты аязға байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 46 учаскесінде тасжолдар ішінара жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

10:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа-райының нашарлауына (көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі) байланысты жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған жеңіл автомобильдер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. 
 
Ақмола облысында - 20 аумақта
 
Қарағанды облысында – 2 аумақта
1. «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы АЖБ -Қарағанды обл. шек.
2. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. - Темиртау АЖБ.
 
Қостанай облысында – 4 аумақта
1. «Жезқазган-Петропавловск» 340-377 км, Арқалық қ. – Ақмола обл. шек.
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 км, Тобыл қ. – Ақмола обл. шек.
3. «Екатеринбург-Алматы» 556-729 км, Тобыл қ. – СҚО обл. шек.
4. «Мамлютка-Қостанай» 180-404 км, СҚО обл. шек.- Тобыл қ.
 
Маңғыстау облысында – 4 аумақта
1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 338-705 км, Бейнеу а. – Жетібай а.
2. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 705-786 км, Жетібай а. – Ақтау қ.
3. «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шек.» 0-58 км, Жетібай а.-Жаңаөзен қ.
4. «Ақтау-Құрық» 13-72 км, Ақтау қ.- Құрық а.
 
Павлодар облысында - 1 аумақ
1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» 205-259 км, Ақмола обл. шек.-Шідерті а.
 
Солтүстік Қазақстан облысында – 14 аумақта
  1. «Екатеринбург-Алматы» 729-856 км, Қостанай обласының шек.-Ақмола облысының шек.
   2. «Челябинск-Новосибирск» 465-655 км, РФ шек-РФ шек.
  3. «Астана-Петропавловск» 341-473 км, Ақмола облысының шек.-Бескөл а.
  4. «Петропавловск-Соколовка-РФ шек» 11-72 км, Петропавловск қ.шек-РФ шек.
  5. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» 50-280 км, Ақмола обл. шек.- РФ шек.
  6. «Жезқазған-Петропавловск» 595-946 км, Акмола обл. шек.-Бескөл а.
 7. «Мамлютка-Қостанай» 0-180 км, Мамлютка қ. Шек.-гр.Қостанай обл. шек. 
  8. «Көкшетау-Рузаевка» 61-196 км, Акмола обл. шек.-Рузаевка а.
 9. «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 км, Саумалкөл а.-Мемориалдық кешен.
 10. «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» 0-30 км, Петерфельд а.- А-16 а.ж.
 11. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 0-228 км, Булаево қ.-Рощинское а.
 12. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-86 км, Рощинское а.-Волошинка а.
13. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка а.-Тимирязево а. 
14. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шек.» 0-31 км. Тимирязево а.-облыс шек. 
 
Жетісу обылысында 1 аумақта
1. Үшарал-Достық а/ж 84-184 км. Көктұма ст. – Достық ст.

Ауа-райының жақсаруына байланысты соңғы сағатта жолдардың 4 учаскесінде (Ақтөбе облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы - 3) көлік қозғалысына шектеулер алынды.
 
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 76 бірлік техника мен 110 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 319 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға