Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды
Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Фото: El.kz
Фото: El.kz
26.12.2022 20:37
1176
Республиканың 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Абай облысында Семейде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.
ШҚО-да Өскеменде, Риддерде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, 25 м/с-ке жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі, орталығына тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Келесі жылы 900 медициналық термин бекітіледі - министрлік
Келесі жаңалық
Ақтауда толассыз жауған қар қалай күреледі