Ауа райына байланысты 4 өңірдегі трасса жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесі жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, көлік қозғалысына шектеу қойылған трассаларда бұрқасын, көру мүмкiндiгiнiң шектелуi күтілуде. Атап айтар болсақ:
Жетісу облысы:
«Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» Көктұма ауылы - Достық станциясы.
Абай облысы:
«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» учаскесі Қайнар а., Баршатас а.
Қарағанды облысы:
«Астана – Караганда - Алматы» Атамекен а. – Балхаш қ.
ШҚО:
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон Қарағай-Рахмановские ключи» учаскесі Ушановское а. - Үлкен Нарын а.
Айта кетсек, жүргізушілер мен жолаушыларды ескерту мақсатында «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.