Ауа райына байланысты 13 өңірде автожолдар жабылды
Еліміздің 13 өңірінде қатты аязға байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
Қозғалыс тек дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктер үшін шектелген.
Бұл шара республикалық маңызы бар автожолдарда штаттан тыс жағдайларды алдын алуға мүмкіндік береді. Ұлттық оператор республикалық автожолдарды пайдаланушылар үшін 120-дан астам жылыту пунктін дайындады. Жолшылар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары, оның ішінде республикалық трассаларға құм-тұз қоспасын себу үздіксіз жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.