Жаңалықтар

Ауа райы күрт суытады

Ауа райы күрт суытады
Фото: ©pixabay.com 13.05.2024 13:23 3883

«Қазгидромет» РМК 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін және қатты жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамынша, 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс циклон енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға