Жаңалықтар

Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды

Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.08.2023 08:27 954

Атыраулық жасөспірімге әуе кемесі бортында темекі өнімін шеккені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana әуекомпаниясының “Атырау – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды. Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.   

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 395 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 130, алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін 191 жолаушы түсірілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға