Жаңалықтар

Атыраулық тұрғыннан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді

Атыраулық тұрғыннан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 22.08.2023 17:46 985

Атыраудағы теміржол вокзалында 30 жастағы азаматшадан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қаланың 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 80 кітап табылып, тәркіленді.

Көлік полицейлері аталаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Тәртіп сақшылары ҚР “Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы” заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тарату тек діни рәсімдік ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда ғана жүзеге асырылатындығын ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға