Атыраулық полицейлер тасжолда толғағы қысқан әйелге көмектесті
Полицейлер тасжолда толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, жүргізушілердің бірі патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне келіп автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтқан.
Бұл жағдай 28 шілдеде түнгі сағат 00:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 590-шақырымында болған. Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті. Перзентханаға жеткізілген келіншек аман-есен ұл босанды. Жас ананың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, Атырау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері толғағы қысқан 4 жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектескен