Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

Фото: Атырау облысы ПД
Фото: Атырау облысы ПД
26.07.2023 17:18
674
Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Абай облысының 1998 ж.т. тұрғынын ұстады.
Оқи отырыңыз:
- Қытайда пара алған жоғары лауазымды шенеунік өлім жазасына кесілді
- Екібастұзда 4 автогаз құю бекетінен өрт шығып, бір адам көз жұмды
Медициналық сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 грамм 1500 доза болатын «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды.
Қазіргі таңда, ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді