Атыраулық футболшылар алаңға күшік құшақтап шықты

Фото: instagram.com/fc_atyrau
Фото: instagram.com/fc_atyrau
07.04.2023 14:18
1582
«Атырау» футбол клубының ойыншылары жанкүйерлерін таңқалдырды. Олардың әрқайсысы жасыл алаңға бір-бір күшіктен алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында «Атырау» футбол клубы «Оқжетпес» командасымен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылып қалған еді.
Бірақ атыраулық ойыншылар бұл жолы көпшіліктің назарын қараусыз жүрген үй жануарларына аударғысы келген.
Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл «Ит – жеті қазынаның бірі» атты акцияның бір бөлігі болып шықты. Оған «Доброе сердце» қоғамдық қорының еріктілері қатысқан. Аталған ұйым 2016 жылдан бері үйсіз жануарларға жаңа қожайын табуға көмектесіп келеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы аяқталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді