Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды

Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
26 қыркүйек күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 20 жастағы БҚО-ның тұрғынын ұстады.
Тексеру жұмыстары кезінде 19 жастағы күдіктінің Құлсары қаласына 24 қыркүйекте келгені анықталды. Оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде бір зип-пакет, екі электронды таразы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 24.18 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
