Жаңалықтар

Атырауды қарулы бандалардан қорғау кезінде қаза тапқандардың сүйектері қайта жерленді

Атырауды қарулы бандалардан қорғау кезінде қаза тапқандардың сүйектері қайта жерленді
03.10.2019 10:06 2388

1921 жылдың желтоқсанында Атырау қаласын қарулы бандалардан қорғау кезінде қаза тапқан Гурьев қаласының (Атырау) азаматтарын жерлеу мақсатында «Былина» орыс этномәдени бірлестігі Атырау қаласының саябақ аумағында іздеу жұмыстарын жүргізді.

Атырауды қарулы бандалардан қорғау кезінде қаза тапқандардың сүйектері қайта жерленді

Қыркүйек айының басында қалалық әкімшіліктен іздеу жұмыстарын жүргізуге келісім алған «Былина» орыс ЭМБ ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Атырау қаласының саябақ аумағында іздеу жұмыстарын бастап кетті.

Бұл жерлеу туралы ақпаратты 2005 жылы қалалық мұрағаттардан қаланың танымал өлкетанушысы және «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Вячаслав Афанасьев тапты. Барлық алынған үзінділер сараптамадан өтіп, нәтижесінде табылған сүйектер он адамнан тұратын топқа тиесілі екені анықталды.

Табылған сүйектер Совдеповшылар мемориалының жанындағы Атырау қаласының православиелік зиратында қайта жерленді.

Атырауды қарулы бандалардан қорғау кезінде қаза тапқандардың сүйектері қайта жерленді

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға