Атыраудағы шенеуніктер төбелесі: ҚМА мәлімдеме жасады
Қаржы мониторингі агенттігі Атыраудағы шенеуніктер төбелесіне ведомство қызметкерлерінің қатысы бар деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты оқиға туралы БАҚ таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Оқиға болған жерде Атырау облысы бойынша ЭТТД-нің бірде-бір қызметкері болмаған. ҚМА қызметкерлерінің бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған.