Жаңалықтар

Атыраудағы перзентхана палатасында тышқан өріп жүр

Атыраудағы перзентхана палатасында тышқан өріп жүр
Фото: Видеодан кадр 28.08.2023 16:50 1127

Атыраудағы перинаталдық орталықтың палатасын тышқан аралап жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Әлеуметтік желіде Атырау облыстык перинаталдық орталығында түсірілген бейнежазба елдің талқысына түсті. Жас босанған аналардың палатасында тышқан жүр.

Орталықтың баспасөз қызметі кеміргіштердің барын жоққа шығармады, тек олардың дала тышқандары екенін айтып ақталды.

Перзентхана Атырау қаласынан алыс жерде орналасқан. Ғимарат жазық далада болғандықтан, дала тышқандары бар. Алайда, облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізеді. Соған қарамастан, тышқандар ғимарат ішінде пайда болып тұр. Алдағы күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі, - деп хабарлады перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтырғы қазан айында коронавирус инфекциясы тараған кезде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Ал, модульдік аурухана Атырау қаласының аумағынан тысқары орналасқан.

Қазіргі уақытта облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң перинаталдық орталық бұрынғы мекенжайына көшіріледі. Жөндеу жұмыстарын аяқтау, орталықты қайта көшіру мерзімі қазан айына жоспарланған, - деп мәлімдеді перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға