Жаңалықтар

Атыраудағы кісі өлімі: күдікті туралы не белгілі

Атыраудағы кісі өлімі: күдікті туралы не белгілі
Фото: instagram/atyrauoil.official 20.06.2024 14:06 1990

Адам өлтірді деген күдікпен ұсталған Мұхтар Ахмедов төрт жыл бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылған.

Атырау қаласының 2020 жылғы 18 маусымдағы 2 сотының үкімімен Мұхтар Ахмедов Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотталды, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі tengrinews.kz тілшісінің сұрауына.

Кейін Атырау қаласының пробация қызметі рақымшылыққа байланысты негізгі жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныспен сотқа жүгінді. Атырау қаласы сотының 2022 жылғы 20 қаңтардағы 2 қаулысымен Атырау қаласы пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сотталған Ахмедов өтелмеген мерзімі 7 ай 18 күнге қысқартылды.

Бұдан әрі сотталған адам сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді. Атырау қаласы сотының 2022 жылғы 26 шілдедегі 2 қаулысымен сотталған адамның өтінішхаты қанағаттандырылды, сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын бас бостандығын шектеудің қалған мерзімін 7 ай 27 күнді өтеуден босатылды, - деп толықтырды облыстық сотта.

Араға екі жыл салып Ахмедов Атыраудағы базарлардың бірінде 56 жастағы Амандық Сағынғалиевті тоғыз рет ұрды. Ауыр соққылар алған Сағынғалиев ауруханаға жеткізілгенмен, қайтыс болды. Күдікті ұсталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға