Жаңалықтар

Атырауда жұмысшыларға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді

Атырауда жұмысшыларға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 29.06.2023 10:30 991

Атырау облысында 180 жұмысшыға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақановтың мәліметінше, биылғы 6 айда 58 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 18 мың баланың, 4,2 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Прокуратура қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасына орай азаматтардың құқығын қорғауды жалғастыра береді. Осы орайда прокурорлардың азаматтарды қабылдау тиімділігі артып отыр. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда, жыл басынан бері жеке қабылдауға жазылған адамдардың саны 4,5%-ға өсті. Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 489 млн теңге залал өтеліп, 6,1 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды. Прокуроратура органдарының үйлестіруімен 180 жұмысшыға 32 млн теңгенің жалақы берешегі өтелді, -деп мәлім етті Бауыржан Жұмақанов.

Оның айтуынша, қадағалау органы қызметінің алдағы уақытта атқарар жұмысының басым бағыттары айқындалған. Оның ішінде азаматтардың, кәмелетке толмағандардың, әсіресе, ана мен баланың, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын, мемлекет мүддесін қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару секілді міндеттер бар. Сондай-ақ, атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға