Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қайтыс болды
Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік көлік соқтығысып, жедел жәрдем қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінш, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтар күні кешкі сағат 18:30 шамасында тіркелген.
Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.