Атырауда Жеңістің 80 жылдығына арналған веложарыс өтті

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
02.05.2025 00:30
107
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қызметкерлер арасында веложарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық шараның басты мақсаты – Жеңіс күнінің тарихи маңызын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру болды.
Жарысқа ҚАЖ саласының түрлі құрылымдарынан келген қызметкерлер белсенді түрде қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтары мен жоғары дайындықтарын көрсетті.
Додада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанып, арнайы марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанадағы саябақта 100 студент ағаш отырғызды