Атырауда жасөспірімдер төбелес шығарып, 1 адам ауыр жарақат алды

Атырау облысы Құлсары қаласында 19 жастағы жасөспірімдер төбелес шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Құлсары қаласында 1 тамыз күні сағат 03:00 шамасында 2003-2004 ж.т., бірнеше азамат өзара сөзге келіп қалған, нәтижесінде 2004 ж.т., азамат түрлі дене жарақатын алған.
Оқи отырыңыз:
Құқық бұзушылыққа жол берген барлық азаматтар анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, 2003ж.т., 2004ж.т., 2004ж.т., 3 күдікті қамауға алынды, - деді облыстық полиция департаментінен.
Қазірге таңда, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2 бөлігімен,яғни Денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын салу және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен, яғни бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
