Жаңалықтар

Атырауда зейнеткердің денесін бөлшектеп тастаған: күдікті туысы болып шықты

Атырауда зейнеткердің денесін бөлшектеп тастаған: күдікті туысы болып шықты
Фото: iStock 10.02.2025 15:45 455

7 ақпанға қараған түні Атырауда жантүршігерлік қылмыс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, әйелді өлтірген, содан кейін оның денесін бөлшектеп, қалған бөлігін өртеген. Оқиға орнынан бас сүйегінің бір бөлігі мен жамбас сүйегі табылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады М.Ердәулет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға