Жаңалықтар

Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды

Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 18.08.2023 03:11 1056

Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 16 тамызда заңсыз айналымнан темекі өнімдері алынған.

Атырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Атырау қаласындағы қоймалар мен дүкеннің біріне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз айналымнан алынған темекі өнімінің нарықтық құны шамамен 6,7 млн теңгені құрайды. Осылайша, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолы кесілді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары экономикалық тергеу департаментіне жіберілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға