Жаңалықтар

Атырауда үш айдан бері жалақы алмаған санитарлар бас көтерді

Аурухана басшылығы төлемдердің кешікеннін мойындап отыр
Атырауда үш айдан бері жалақы алмаған санитарлар бас көтерді
Фото: azh.kz 24.11.2022 17:26 883

Атырауда Нұрсая ықшамауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының 40 шақты санитар қызметкерлері үш айдан бері өздеріне тиесілі төлемдерді ала алмай жүр. Осы себепті олар аурухана ғимаратының алдына митингіге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі жергілікті АқЖайық сайтына сілтеме жасап.

Орынжайларды тазалауға және науқастарға гигиеналық күтім жасауға қатысатын «кіші медицина қызметкерлерінің» рөлі дәрігерлер мен медбикелердің жұмысынан түспейтінін түсіну керек. Соңғы үш айда бұл әйелдерге сақтандыру және «зейнетақы жарнасы» аударылмаған, соның кесірінен олардың көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмаған.

"Қызым І топ мүгедегі. Мен «Отбасы банкінде» баспана кезегінде тұрмын. Жақында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша конкурс болып, зейнетақы жарнам түспегендіктен өтпей қалдым. Ал жалақымыз небәрі 100 мың", – дейді №2 облыстық аурухана қызметкері Айжан САҒЫНДЫҚОВА.

Аурухана басшылығы ешқандай «қысым» болмағанын алға тартқанымен, төлемдердің кешікеннін мойындап отыр. Өйткені мекеменің әлдебір компанияға 90 миллион теңге қарызы бар екен.

"Біз ешбір қызметкерімізді қудалап, қысым жасаған емеспіз. Барлық қызметкер бізде қаржылық қиындықтар бар екенін біледі. Бізге түсетін қаражат тек жалақыға ғана жетеді, өкінішке орай, зейнетақы мен басқа да жарналарға жетпейді",  – дейді №2 облыстық аурухана директорының м.а. Надия ЕРҒАЛИЕВА митингтен кейін өткен жиында.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар АБДАЛИЕВ арнайы комиссия құрылып, есеп-аудит жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Надя Ерғалиева бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға