Жаңалықтар

Атырауда украин этномәдени бірлестігі бірқатар қайырымдылық шара өткізді

Атырауда украин этномәдени бірлестігі бірқатар қайырымдылық шара өткізді
12.03.2019 05:40 2126

Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, жазушы және суретші Тарас Шевченконың туғанына 205 жыл толуына орай мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Атырау қаласында 2009 жылы Тарас Шевченкоға мемориалдық тақта орнатылған болатын. Осы жерде украин этномәдени бірлестігінің кеңес мүшелері Роман Оливко, Виктория Чигрина және этномәдени бірлестіктердің  төрағалары ұлы ақынды еске алып, украин этномәдени бірлестігі Жастар қанатының белсенді мүшелері ақынның шығармаларынан үзінді оқыды.

Одан кейін украин этномәдение орталығы кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу орталығында «Масленица» мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бірлестік мүшелері кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар сыйлап, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, мерекелік концерт тарту етті.  

Ал 10 наурыз күні украин орталығы Қарттар үйінде «Здравствуй, Масленица!» қайырымдылық концертін  өткізді.

Шара барысында «Тропикана»,  «Харизма» би студиясы,  «Хуторянка» вокалдық студиясы мен бірлестік мүшелері қарттарға мерекелік бағдарлама ұсынып,  Масленица мерекесіне арнап пісірілген құймақтардан дәм татты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға