Жаңалықтар

Атырауда тұтқындағы адамдарды азаптады деп айыпталған 5 полицейдің ісі сотқа жетті

Атырауда тұтқындағы адамдарды азаптады деп айыпталған 5 полицейдің ісі сотқа жетті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.07.2023 15:30 1123

Атырауда азаптау күдігіне ілінген 5 полицейдің ісі сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы қаңтардан бастап азаптау туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.

Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында азаптауды прогрессивті қоғамның қағидаларына қайшы келетін орта ғасырлардан қалған жабайылыққа теңеді. Атырау облыстық прокуратурасы адамдарды азаптады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-б өлімінің 1-тармағымен қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады. Полиция қызметкерлері биылғы ақпанда алдын ала сөз байласып, азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді. Еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді, -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға